«EQ-Lab» оқушыларға арналған жобасы аясында оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамытуға, өз сезімдерін түсініп, оны дұрыс жеткізуіне бағытталған «Жүрек дауысы» подкасты өтті.
Подкаст барысында қатысушылар эмоцияларды тану, сезімдерді басқару, өзара түсіністік пен қарым-қатынастың маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін түрлі эмоционалдық жағдайлар талқыланып, оларды дұрыс қабылдау мен тиімді шешім қабылдаудың жолдары қарастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ашық форматтағы әңгіме қатысушыларға өз сезімдеріне үңіліп, айналасындағы адамдардың эмоциясын түсінуге мүмкіндік берді.
«Жүрек дауысы» подкасты – оқушылардың өзін-өзі тануына, эмоционалдық сауаттылығын арттыруына және бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатуына ықпал ететін мазмұнды алаң болды.