«Біз таңдаған кітаптар»


5-8 сынып оқушыларымен «Біз таңдаған кітаптар» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға өздерінің сүйікті кітаптары таныстырылып, мазмұны мен кейіпкерлері туралы қызықты мәліметтер берілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды.
Оқушылар белсенді қатысып, бір-біріне кітап оқуға ұсыныстар жасап, әсерлерімен бөлісті.