Колледж студенттеріне Жаңа Конституцияның мәні мен мазмұны түсіндірілді.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге Конституция елдің басты заңы ғана емес, әр азаматтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын маңызды құжат екені, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде заң үстемдігі, әділдік, теңдік қағидаттары туралы кеңінен айтылды. Студенттерге азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет және заңды құрметтеу қажеттілігі түсіндіріліп, өз елінің заңдарын білу – әрбір азаматтың парызы екені атап өтілді.
Тәрбие сағаты соңында білім алушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.