«Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-де көру қабілеті нашар оқушыларға @aktobe.arnaulykitaphana Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қызметкерлері келіп, «Арт терапия» жобасы аясында «Сезімдер терапиясы» тақырыбында шығармашылық терапия сағатын өткізді. Мақсаты – оқушылардың ішкі сезімдерін шығармашылық арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, жан дүниесіне жылулық сыйлау және өзара қарым-қатынасты нығайту.
Іс-шара барысында балалар түрлі шығармашылық жұмыстарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edugov.kz/kz/247/1423-sezimder-terapiyasy.html#sigFreeId30e600b6fb
https://sch.edugov.kz/kz/247/1423-sezimder-terapiyasy.html#sigFreeId30e600b6fb







