2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-нің көру қабілеті бұзылған балаларға арналған бастауыш сыныптарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, білімге құштарлығын ояту және алған білімдерін еліміздің игілігіне жұмсайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету.

Тәрбие сағаттары барысында оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтып, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, білімнің адам өміріндегі және ел болашағындағы маңызы туралы түсініктерін кеңейтті.

Аталған тәрбие сағаттарын 1 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Ж. Тоғузова, 2 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Г. Е. Достанова және 4 «В» сыныбында сынып жетекшісі Ж.Тұрмантаева ұйымдастырды.

Қорытындылай келе, «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы тәрбие сағаттары оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға, білім алуға деген ынтасын арттыруға және елжанды азамат болып өсуіне бағытталды. Осындай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, туған елінің дамуына үлес қосуға деген жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.