2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-де көру қабілеті бұзылған балаларға арналған орта буын сыныптарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сапалы білім алудың ел болашағы үшін маңызын түсіндіру.
Іс-шаралар барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық жауапкершілік және білімнің қоғам дамуындағы рөлі туралы ой бөлісті. Танымдық тапсырмаларды орындап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, «Мен болашақта өз мамандығым арқылы Қазақстанға қалай пайда әкеле аламын?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасып, болашақ мамандықтарының ел дамуына қосатын үлесі туралы өз ойларын ортаға салды.
Тәрбие сағаттарында оқушыларға ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеу, білімге ұмтылу, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, демалысты тиімді жоспарлау және белгіленген мақсаттарды орындау жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Аталған тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, өткізген педагогтер:
-
5 «А» сыныбы: сынып жетекшісі А. Ж. Бисалиева;
-
6 «А» сыныбы: сынып жетекшісі Г. Сарина, тәрбиешісі Ж. Мукашева;
-
6 «Ә» сыныбы: сынып жетекшісі К. Мажикова, тәрбиешісі Ж. Боранбаева;
-
8 «А» сыныбы: тәрбиеші Ж. Куссакбаева.
Қорытындылай келе, «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы тәрбие сағаттары оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін нығайтуға және болашақта ел игілігі үшін еңбек етуге деген ұмтылысын қалыптастыруға бағытталды. Осындай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, білімді, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1436-bilimim-otanyma-ta-yrybynda-synyp-sa-attary-orta-buyn-klastarynda-tti.html#sigFreeId3e7da66298







