Мектебімізде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ерекше мерекелік шара өтті!

Салтанатты кешті 6 «Б» сынып оқушысы Тұқтыбай Бахтияр «Туған өлкем» өлеңімен ашып, өнерлі бүлдіршіндеріміз әсем ән мен жүрекжарды тақпақтармен жалғастырды. Балалар қызықты ойындар ойнап, мәз-мейрам болды. 

Шарамыздың арнайы қонағы — Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің «Мы Вас любим» клоунада театры балаларға ұмытылмас көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 

Балаларға бағалы сыйлықтар мен тәттілер үлестіріп, жүздеріне күлкі ұялатқан құрметті демеушілеріміз:
«Фонд помощи продуктовая корзина» қайырымдылық қорының директор-құрылтайшысы — Балмагамбетова Айзада Нурлановнаға;

«Евразийский Банк» АҚ өкілдері: Розничный бизнес бойынша №3 филиал директорының орынбасары Таналиева Гульжан Сагингалиевнаға және Серіктестік сатылымдарды дамыту бөлімінің бастығы Шимифенинг Максим Юрьевичке алғысымыз шексіз!

Балаларымыздың аспаны әрдайым ашық, балалық шағы бақытты болсын! Мереке құтты болсын!