2026 жылғы 23 маусымда Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледжі» КММ-де қорытынды және аралық аттестаттау емтихандары кезеңінде есту қабілеті бұзылған студенттерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Студенттерді қолдау» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, емтихан кезіндегі қобалжуын азайту, өз күшіне деген сенімділігін арттыру және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тренинг барысында студенттер түрлі психологиялық жаттығулар мен шығармашылық тапсырмаларды орындады. Суреттерді бояу, эмоцияларды ажырату және өз көңіл-күйлерін бейнелеу арқылы ішкі сезімдерін білдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қатысушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, жағымды эмоцияларды қалыптастыруға және өздерін еркін сезінуіне бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Студенттер тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Көрнекі материалдар мен практикалық жаттығуларды қолдану олардың тренингке толыққанды қатысуына жағдай жасады.
Әрбір студенттің көңіл-күйі мен сенімділігі – табысты білім алудың маңызды бөлігі!
https://sch.edugov.kz/kz/247/1444-studentterdi-oldau-treningi.html#sigFreeIdb74ed42c88







