2026 жылдың  2 қыркүйек күні мектебімізде 2026–2027 оқу жылының тәрбие бағыты мен бала қауіпсіздігіне арналған «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық және жауапкершілік» атты маңызды жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

  • Мектеп директоры Г.Қ. Шакенова жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттарын таныстырып, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын ерекше атап өтті.
  • Ақтөбе облысы ПД өкілдері — полиция капитаны Ж.М. Бактияров пен полиция майоры Қ.У. Днимов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік сабағының талаптарын сақтау бойынша салмақты әрі маңызды ақпараттармен бөлісті.
  • Кездесу барысында ата-аналар белсенділік танытып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты құнды ой-пікірлер тыңдалып, өзара тиімді ұсыныстар жасалды.