1 қыркүйекте Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-де оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты азамат, жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің негізгі заңы екенін түсіндіру, заңдарды құрметтеуге, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын, патриоттық сезімін және азаматтық ұстанымын дамытуға баса назар аударылды.
Іс-шара барысында оқушылар заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтіп, жауапты азамат болудың мәнін талқылады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1455-1-yrk-jek-bilim-k-nine-arnal-an-synyp-sa-attary.html#sigFreeIdeb9d426850







