8 қыркүйек күні жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» тақырыбында тәрбие сағаты отбасы тарихын зерттеудің маңызын түсіндіру, ата-әже, әке-шеше және туған-туыстар туралы естеліктерді қадірлеуге тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу, өз отбасының тарихына қызығушылығын арттырып, отбасылық мұраны сақтауға үйрету, сондай-ақ үлкендерді тыңдап, олардың өмір жолынан үлгі алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.