“Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ-де “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жоғарғы буын оқушылары мен колледж студенттеріне Ата Заңның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыру және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның маңызы, негізгі баптары және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Оқушылар мен студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.