09.09.26 ж «Телефон және отбасы» тақырыбында 9-10 класс оқушылары мен колледж студенттерінің арасында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта оқушыларға цифрлық гигиена (Отбасылық цифрлық сауаттылық) — отбасы мүшелерінің гаджеттерді, телефонды және интернетті денсаулыққа, психологияға және жеке қарым-қатынасқа зиян келтірмей, белгілі бір ережелер мен шектеулерді сақтай отырып тиімді пайдалану әдебі, адаммен немесе отбасы мүшесімен бетпе-бет сөйлесіп отырып, оны елемей, назарды телефонға аудару мінез-құлқы, гаджетке тәуелділік (Цифрлық тәуелділік) — адамның отбасылық міндеттерін, шынайы қарым-қатынасты және тынығуды ұмытып, уақытының басым бөлігін смартфон ішінде өткізуге деген психологиялық әуестілік туралы мағлұматтар берілді. Оқушылар мен студенттер сұрақ-жауап арқылы өздерінің ойларын ортаға салды.