2026 жылғы 9 қыркүйек күні жоғары буын оқушылары және колледж білім алушылары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға отбасының адам тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, ата-ананы құрметтеуге, отбасы мүшелеріне қамқорлықпен қарауға, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу;
отбасында қалыптасқан жақсы әдет, өнеге мен құндылықтардың адамның болашақ өміріне әсер ететінін ұғындыру;
жоғары сынып оқушыларының өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, отбасындағы тәрбиені өмірлік ұстаным ретінде қалыптастыруына ықпал ету.
Сабақ барысында жоғары буын оқушылары мен колледж суденттері отбасылық құндылық, ата-анаға құрмет, жауапкершілік, адамгершілік, сыйластық және ұлттық тәрбие ұғымдары туралы өз ойларымен бөлісті.