Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 қыркүйек күні оқушылар қазақ және орыс тілдерінде «Менің отбасым – менің асыл қазынам» тақырыбында жазба жұмысын орындады.
Жазба жұмысының мақсаты – оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-анаға деген құрметін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және өз ойларын сауатты әрі жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту.
Жұмыс барысында оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы мүшелерінің орны мен маңызын сипаттады. Сонымен қатар отбасындағы сыйластық, мейірімділік, қамқорлық пен өзара түсіністіктің маңыздылығын атап өтті. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, отбасының әр адам өміріндегі ерекше орнын көрсетті.
Жазба жұмысы оқушылардың отбасылық құндылықтарды бағалауына, туған-туыстарына деген құрметін нығайтуына және отбасы бірлігінің маңызын тереңірек түсінуіне ықпал етті.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.