Орта буын тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 11 қыркүйек күні ата-аналармен «Әр балаға жеке көзқарас: ата-ананың тәрбиедегі рөлі» тақырыбында онлайн диалогтік алаң өткізілді.
Шара барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың маңызды рөлі, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру, оның пікірін тыңдау, қолдау көрсету және сенім білдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талдап, балаға тиімді қолдау көрсетудің жолдары туралы пікір алмасты.
Әр бала – қайталанбас тұлға. Оны түсіну, қабылдау, қолдау және мүмкіндігіне сену – ата-ананың тәрбиедегі ең маңызды қадамдарының бірі.
Балаға дұрыс бағыт көрсету – тәрбиеден, ал тәрбиенің бастауы – отбасынан.