«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж топтарының кураторлары Г.С. Исмагилова, С.Е. Жуманбетова және Б.М. Дүйсеналина студенттерге «Қауіпсіз қаржылық операцияларды жүргізу қағидалары. Қаржылық пирамидалардың қаупі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшалай операцияларды қауіпсіз жүргізу ережелерін түсіндіру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және қаржылық пирамидалардың қауіптілігін ұғындыру.
Іс-шара барысында студенттер қаржылық пирамидалардың негізгі белгілерімен, олардың жұмыс істеу тәсілдерімен және азаматтарға тигізетін зиянды салдарларымен танысты. Сонымен қатар, күмәнді қаржылық ұсыныстарды ажырату, жеке деректерді қорғау, банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу және интернеттегі алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары талқыланды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, өмірде кездесуі мүмкін түрлі қаржылық жағдайларды талқылады. Қаржылық шешім қабылдау кезінде мұқият болудың, ақпаратты тексерудің және оңай әрі жылдам табысқа уәде беретін күмәнді ұсыныстарға сенбеудің маңыздылығы атап өтілді.