2026 жылғы 15 қыркүйек күні 9–10-сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында «Табыстың күмәнді түрлері және алаяқтардың тұзағына түспеу жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылар мен студенттерді күмәнді әрі заңсыз табыс түрлерімен таныстыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және жеке қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру. Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшалай қаражатқа жауапкершілікпен қарауға және заңды табыс көздерін таңдауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында қатысушыларға оңай әрі жылдам табыс табуға уәде беретін күмәнді ұсыныстардың белгілері түсіндірілді. Қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық, жалған жұмыс ұсыныстары және бөтен адамдардың өтінішімен банк карталарын немесе шоттарын пайдалану сияқты қауіпті әрекеттер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келетін растау кодтарын қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Студенттер мен оқушыларға күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз адамдарға ақша аудармау, қаржылық ұсыныстардың шынайылығын тексеру және күмән туындаған жағдайда сенімді ересектерден немесе тиісті мамандардан кеңес алу қажеттігі түсіндірілді. Талқылау барысында қатысушылар түрлі өмірлік жағдаяттарды қарастырып, алаяқтық әрекеттерді ажырату және олардың алдын алу жолдары бойынша өз ойларымен бөлісті. Сабақ сұрақ-жауап арқылы қорытындыланды.