Жанболатова Н.С. жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне “Бабалар ойыны - тозбас мұра” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-бабамыздан қалған спорттық ойындар арқылы отансүйгіштік пен салауатты өмір салтын насихаттау болды. Сабақ барысында қатысушылар тоғызқұмалақ, асық ату, қазақша күрес, көкпар және аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлерінің шығу тарихымен танысты. Оқушылар мен студенттер спорттық ұлттық ойындар туралы түрлі интерактивті сұрақтарға жауап бере отырып, олардың тек көңіл көтеру емес, сонымен қатар ептілікті, мергендікті, жылдамдық пен стратегиялық ойлауды дамытатын маңызы зор екені туралы қызықты мәліметтер алды. Тәрбие сағаты соңында белсенділік танытқан білім алушылар ерекше атап өтіліп, ұлттық мұраны қадірлеуге шақыратын қорытынды жасалды.