21 қыркүйек күні «Инабат» клубының жетекшісі Нурушева С.Т ұйымдастыруымен 8–11 сынып қыз балалары арасында «Нәзіктік пен парасат» тақырыбында консультативтік алаң өткізілді. Іс-шара барысында Маханова Б.А. ым-ишара тілі арқылы аудармасымен қыздарға ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат берілді. Медбике Ескалиева А. М. қыздарға тақырып аясында дәріс оқып, пайдалы кеңестер берді.