1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне “Қарттарын қадірлеген ел ардақты” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын қалыптастыру және қарияларды ардақтауға тәрбиелеу болды. Тәрбие сағатының басында білім алушылар өздерінің ақылшысы, отбасының тірегі болып отырғанаталары мен әжелері жайлы жылы лебізбен әңгімелеп, олардың өмірлік тәжірибесі мен берген ғибратты тәрбиесінен мысалдар келтірді. Сонымен қатар, қатысушылар арнайы дайындалған жасырынған жұмбақтар мен логикалық ребустарды шешу арқылы өздерінің ойлау қабілеттері мен тапқырлықтарын шыңдады. Студенттер мен оқушылардың белсенділігі арқасында сабақ өте қызықты, әрі тағылымды деңгейде өтті.