Экологиялық мәдениет – болашаққа жасалған маңызды қадам!
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде Алматы қаласының «Экоқолдау» орталығының маманы Г. Танабековамен экологиялық танымдық кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесудің ерекшелігі – экологиялық білімнің көрнекі және тәжірибелік тапсырмалар арқылы берілуі. Оқушылар қалдықтарды ажыратып, тиісті жәшіктерге орналастыруды үйренді.
«Жасыл мектеп» жобасы аясындағы мұндай бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздан басталады!
ТАЗА МЕКТЕП – ТАЗА ҚАЛА – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!