Қос мереке – Қарттар күні мен Ұстаздар күні қарсаңында мектеп әкімшілігі ардақты ардагер ұстаздарымыз - Власова Татьяна Тимофеевна және Махамбетхановна Алия апайдың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты. Ғұмырын білім саласына арнап, кейінгі ұрпаққа үлгі болған, өнегелі өмір жолы бар жандармен дидарласып, жүрекжарды тілектерін білдіріп, бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды. Барша ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына береке-бірлік тілейміз!