Мектебімізде «Менің туған күнім» атты мерекелік шараны жыл сайын атап өту дәстүрге айналды. 2019 жылдың 28 қыркүйек күні жаз мезгілінде дүниеге келген оқушылардың құрметіне арналған «Шуақты күннің сәулелері» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Аталған шараға жоғары буын және колледж топтары тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі арнайы концерттік бағдарлама дайындады. Туған күн иелері Қолтырауын Гена мен Қалқанқұлақтың тапсырмаларын орындап, ән айтып, мың бұрала биледі. Кешке ата-аналар қолдау танытып, белсене атсалысты, балаларымен бірге ойындар ойнап, туған күн иелеріне тәтті тағамдарын ұсынды. Ата-аналардың мектеппен тығыз байланыста болыпғ оқушыны әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында жыл сайын өтетін туған күн кешін әр бала асыға күтеді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/157-shua-ty-k-nni-s-uleleri.html#sigFreeId55677e8a2f







