Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің төралығымен 2023 жылдың 4 қыркүйегіндегі N28 хаттамасында бекітілген шешімге сәйкес ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын бастап кетті. Орталықтың жұмысы қосымшада көрсетілген ереже мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуде.

Құрылған ата-аналарды қолдау орталығының мақсаты: Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата -аналармен қарым-қатынасын күшейту. Өткізілген шаралар барысында ата-аналар   белсенділік көрсетті. Өз ойларын ортаға сала отырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.