01.12.23ж жоғарғы буын оқушылары және колледж студенттерімен 1 желтоқсан бүкіләлемдік АИТВ-мен күресу күніне арналған шара өткізіліп, арнайы орталықтан келген маман - Турганбаева Айнура Дуйсеналиевнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге оқушылар мен студенттер кеуделеріне осы дертке шалдыққандарға қолдау көрсету белгісі - қызыл лента тағып, арнайы маманнан пайдалы ақпараттар мен кеңестер алды. Олар өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап алып, белсенділік танытты. Кездесуге келген арнайы маман АИТВ дертінің шығу тарихымен таныстырды,пайда болу жолдарын,қауіпсіздік және сақтану шаралары жайлы айта келе, статистикаға тоқталып, көрнекіліктері арқылы оқушыларды қарапайым тілмен толықтай ақпараттандырды.

Сондай-ақ, тақырыпқа сай сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесу соңында мектеп әкімшілігі арнайы маманға пайдалы ақпараттары мен кеңестері үшін олар алғыстарын білдірді.