Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп- интернат- колледж” кешені КММ- інде 4-7 желтоқсан аралығында өткен коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің “Мамандықтар әлемінде” тақырыбында апталық аясында ЕҚД және ДАҚ пәнінің мұғалімдері тақырыпқа сай ашық сабақтар өткізді.
Ж.К.Урунбасарова 3а класс оқушысы Талғат Інжумен "Мамандықтар" С-Ш дыбыстарын ажырату тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру, тақырып бойынша сөздік қорын белсендіру. С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру.
https://sch.edugov.kz/kz/247/611-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeIdea60e1767a
ДАҚ және ЕҚД пәнінен мұғалім-дефектолог Р.А Каплиева 6а сынып оқушысы Н.Есенғалимен "Мамандық иелері" /С-Ш/ дыбыстарын ажырату”тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: мамандық туралы түсінігін арттыру, танымдық қабілетін дамыту, түзете-дамыту жұмыстары арқылы білім алушының тұлғалық қабілетін жетілдіру. Сабақта мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Нұрсұлтан сабақта барлық тапсырмаларды уақытында орындап, кітапханашымен диалог құрастырды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/611-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeId240ac580ac
Желтоқсанның 5 -нде ЕҚД және ДАҚ мұғалімі Шотеева Алмагүл Есенғосқызы 7”ә” класс оқушысы Сатыбалды Аянатпен "Мамандықтар. Сұрақтармен жұмыс. Н-Т дыбыстарын ажырату” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/611-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeId8a69fec324
6 желтоқсан күні ДАҚ және ЕҚД пәнінің мұғалімі А.Б. Жумагазина 5"А" класс оқушысы Әкімжан Аяжанмен " Мен мамандықтардың әлемінде " [Б-П] дыбыстарын ажырату тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу барысында дыбыстарды дұрыс, анық айтуға, берілген материалдарды есту, естіп- көру мүмкіндігінде қабылдауын арттыру.
Сабақ барысында әріптер топтамасы, мнемокестелер, бинго және додекаедр сияқты заманауи бағыттағы әдіс-тәсілдер сәтті қолданылды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/611-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeIddf4bad26df
Желтоқсанның 6-сы күні коррекциялық әдістемелік бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес есту қабілеті бұзылған оқушылармен ДАҚ және ЕҚД пәні бойынша жеке сабақтар ұйымдастырылды. 5 «ә» нашар еститін класында Жеңіс Айбекпен мұғалім-сурдопедагог Г.Б.Тулебаева «М-Б дыбыстарын ажырату.«Мамандықтар әлемі» мәтінмен жұмыс» тақырыбында жеке сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: М-Б дыбыстарының дұрыс айтылуын сөйлеу барысында бекіту, ажырату. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, сұрақтарды есту арқылы қабылдап,диалог жүргізуге үйрету; «Мамандықтар әлемі» мәтін бойынша сөйлемдерді есту-көру, есту арқылы ажырату,оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету.Сабақ барысында оқушының даму ерекшелігіне қарай «Flippity.net», «Til gural» қосымшалар арқылы тапсырмалар ұсынылды.Жеңіс Айбек сабаққа қызығушылық пен белсенділік танытып, есту қабілеті мен сөйлеу тілінің даму мүмкіндіктерінің жақсы деңгейін көрсете білді.
https://sch.edugov.kz/kz/247/611-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeId107d36b05f
2023 жылдың 7 желтоқсан күні “Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету” мұғалімі А.А. Дәрібаева 2 “В” класс оқушысы Ханыбек Айкөркеммен “Менің елім Қазақстан. Дыбыстар С-Ц” тақырыбында жеке ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: С- Ц артикуляциясын анықтау, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде ажырату, дыбыстарды анық айтуға машықтандыру. Қазақстан туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сабақ барысында әр түрлі тапсырмалар және брайль әліппесімен жұмыс жасалды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/611-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeId169ac5c632
Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындады. Дефектолог мұғалімдер тақырыпқа сай материалды ұсынып, оқушының ауызша сөйлеу тілін және есту қабілетін дамытуға көп көңіл аударды.







