«Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колдедж” кешені” КММ-де 2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында өткен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің “Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ” тақырыбындағы апталығы аясында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.

12 желтоқсан  күні биология пәні мұғалімі А.Ә.Тубетбаева 7”ә” ( арнайы) класында жаратылыстанудан “ Өсімдіктің вегетативті көбеюі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: вегетативті мүшелер арқылы көбеюдің тәсілдерін іс-жүзінде көрсету арқылы оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, эстетикалық талғам қалыптастыру. Үй тапсырмасын орындау барысында тәрбиешінің көмегімен гүл салонына саяхат жасап, бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызын, қолдану аясына көз жеткізіп, қарапайым экономикалық түсініктерін кеңейтті.

Сабақта СТО технологиясының әдіс-тәсілдерімен деңгейлі тапсырмалар орындалып, рефлексия, кері байланыс алынды.

Математика пәнінің мұғалімі Г.Е.Сарина 5”ә” сыныбында “Санды және әріпті өрнектер” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Санды және әріпті өрнектерді ажырата білу. Қосу мен көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, санды және әріпті өрнектерді түрлендіру, есептеу.

Сабақта оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Word wall, LeаrningApps платформалары мен  “Ой қозғау” стратегиясы, “Біліміңді іске қос”, “Пицца” әдістері тиімді қолданылды.

14 желтоқсан күні география пәннің мұғалімі Г.И. Мухамбетова 10 “а” класында “Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары” тақырыбында ашық сабақ өткізді.