Жаратылыстану және математика әдістемелік бірлестігінің “Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ” тақырыбындағы тақырыптық апталық жоспары бойынша 2023 жылдың 12 желтоқсанында 5-6 сынып оқушылары арасында “Кіл жүйрікте кім жүйрік?” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Кластан тыс шараны ұйымдастырушы мұғалімдер Н.Жанболатова және Г.Оңайша оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, балалардың жан- жақты қатысуына аса көңіл бөлді. “Төртбұрыш” ,”Үшбұрыш” және “Шеңбер” топтары құрылып, оқушыларға ұпай жинақталатын сұрақтар тағайындалды.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша алған білімдерін саралау, өз білімдерін көрсете білу және жан-жақтылығын дамыту.
Осы орайда сөзбен санды жасыру, санды ұстазға жұмбақ түрінде түсіндіру, мақал-мәтелдерді жалғастыра отырып, викториналық сұрақтарға жауаптар алынды. Оқушыларға өте түсінікті де қызықты өткізілген ойында “Ұстаз. Ата-ана. Тәрбиеші” үштік әдіс толығымен қамтылды.
Ұпай санын есептей отырып, жеңімпазды анықтау әділқазылар алқасына қиынға түсті, себебі оқушылар жарыса жауап беріп, өз білімдері мен жауапкершіліктерін нақты көрсете білді. Жеңімпаздарға Диплом табысталды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/623-kil-zh-jrikte-kim-zh-jrik-intellektualdy-ojyny.html#sigFreeId8a1677958b







