“Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ” атты жаратылыстану және математика әдістемелік бірлестігі апталығының жоспары бойынша желтоқсан айының 14-і күні 7-10 сынып оқушылары арасында “Ой мен ойын” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Қызыққа толы сыныптан тыс шараны ұйымдастырушы жас маман Қ.Мұратов оқушылардың қызығушылығын сайыс барысында арттыра білді. “Алғырлар” ,”Лидер” және “Тапқырлар” топтары сайыста топ жару үшін бар білгендерін көрсетіп, сайысқа белсене қатысты.

Ойынның мақсаты:

Оқушылардың  жаратылыстану  пәндеріне  теориялық қызығушылығын  арттырып, білімдерін жетілдіру, оқушылардың танымдық, елестету және  логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту, оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа  топтық жұмыс жасауға  тәрбиелеу.

 Сайыс барысы қызықты ойындардан құралып, түрлі логикалық сұрақтарды қамтыды. Оқушылар сайыста белсенділік танытып, керемет ойын үлгісін көрсете білді. Жүлделі орын алған оқушылар диплом мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.