2024 жылы 24 сәуір күні тарих және құқық пәнінің мұғалімдері Д.М. Елеуова және А. Есіркеповтың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар барлық жоғарғы класс, колледж оқушыларын бір жерге жинап, өзара пікір таластыру барысында дінге сенетін адамдар, жеке топтар мен жеке адамдардың, мінез-құлқына ықпал етудің кемшілік жақтары мен артықшылықтарын талдады. Сонымен қатар, бұл дөңгелек үстелдің маңыздылығы көп ұлтты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бағалап, өз еліміздің патриоты болуда студенттерді тәрбиелеуде үлкен орын алатындығын айтты.
Мақсаты:
а) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Дін мен діни экстремизм ұғымдарының ара жігін ажыратып алғаннан кейін қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған Ислам діні мен Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар жөнінде тоқталғанымыз жөн. Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады.
Терроризмнің ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм, экстремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды деп сөзін қорытындылады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/785-dini-ekstremizm-men-terrorizm-ta-yrybynda-d-gelek-stel.html#sigFreeId033d68e776







