Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сағынаева Гүлзат 5 - класс оқушыларымен “Кесте тігу” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: 

Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып толық мағлұмат беру;

Оқушылардың сабаққа деген құштарлығын дамыту;

Оқушылардың шығармашылығын дамыту,  кесте тігу жолдарын үйрету.

Сабақ барысында оқушыларға арнайы тігін құралдары мен материалдар, яғни ине, жіп, мата, кесте схемалары көрсетіліп, қауіпсіздік техникасы түсіндірілді. Оқушылардың жұмысын бақылап, оларға кеңес беріп, тігін техникасындағы қателіктерін түзетуге көмектесу мұғалімнің басты міндеті болды.

Сабақтың қорытындысында оқушылар өздерінің жұмыс нәтижелерін көрсетіп, әртүрлі тігін әдістерін қолдана отырып жасаған кестелерін таныстырды. Сабақтың нәтижесі оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырып, оларды шығармашылық ізденіске жетеледі.