Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде колледждің 10 жылдық мерейтойына арналған “Үнсіздікпен үйлесім тапқан мекенім...” атты салтанатты шара өтті. Колледждің тарихын, оның дамуын және ұжымның жетістіктерін құрметпен атап өтуге бағытталған маңызды шараға “Ақтөбе облысының білім басқармасы” ММ-нің балалардың құқығын қорғау қорғаншылық, қамқоршылық және арнаулы білім беру бөлімінің бас маманы Нурманова Амина Мадиевна, “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының “Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Каплиева Айгуль Кыдырбаевна, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің маманы Серимбетов Айжарық Жайлханұлы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Кулсейтова Гулназ Амирбековна қатысып, жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, ерекше білімге қажеттілігі бар мектеп түлектерінің қоғамға бейімделіп, маман иелері болуда колледждің маңыздылығына тоқталды. Білім мен тәрбие берудегі жетістіктері үшін бірнеше педагогтар “Ақтөбе облысының білім басқармасы, “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының “Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің маманы Айжарық Серімбетов мекеме басшысы Гүлсім Шакеноваға “Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісін табыстады. Мерейтойға колледжден алған білім мен біліктілігін ұштастырып, түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген түлектер де қатысып, білім ордасына деген тілектері мен алғыстарын арнап, жиналғандардың ерекше ықыласына бөленді. Сондай ақ, ән мен жырдан шашу шашқан жас өнерпаздар да мерекелік шараның өтуіне белсене атсалысып, өнерлерімен тәнті етті.
https://sch.edugov.kz/kz/247/968-nsizdikpen-jlesim-tap-an-mekenim.html#sigFreeIdeec1206cf5







