Орта буын тәрбиешілері 5 - 8 сынып оқушыларына “Жемқорлыққа жол жоқ!” атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты:
Оқушыларға “Сыбайлас жемқорлық” ұғымын түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру;
дүниетанымдарын кеңейту;
өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында тәрбиешілер жемқорлықтың түрлері, оның салдары, сондай-ақ одан қалай сақтану керектігі туралы мағлұмат берді. Оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар арқылы олардың ой-пікірлері тыңдалды.
Іс - шара соңында оқушылар адал болуға, әділеттілікке ұмтылуға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және жемқорлыққа қарсы тұру қажеттігін ұғынды.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edugov.kz/kz/61653122/1133-zhem-orly-a-zhol-zho-atty-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId96cf01d934
https://sch.edugov.kz/kz/61653122/1133-zhem-orly-a-zhol-zho-atty-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId96cf01d934







