Білім алушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, дұрыс өмірлік ұстаным мен мінез-құлықты тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылы 22 сәуір сағат 10.00-де Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Адалдық сағаты» өткізіліп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған бейнеролик көрсетілді.