Білім алушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, дұрыс өмірлік ұстаным мен мінез - құлықты тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылы 22 сәуір сағат 10.00 - де “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат - колледж” кешені КММ - де бірыңғай «Адалдық сағаттары» өткізілді.
 
❇️Орта буын тәрбиешілері «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» атты тәрбие сағатын өткізіп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті дайындаған бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик ым - ишара тілінде оқушыларға түсіндіріліп, А.Құнанбаев, Әл - Фарабидің, Б.Момышұлының, М.Жұмабаевтың парасаттылық, әділдік туралы ойлы пікірлерімен қорытындыланды.
 
📌Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажет. Себебі, осы асыл қасиеттер дамыған ортада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.