Ақтөбе облыстық арнайы «Мектеп-интернат-колледж» кешенінде 2025 жылдың 8 желтоқсанында педагогикалық ұжым мен колледж студенттеріне арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдықты нығайту бойынша іс-шара өтті.
Жиын барысында педагогтар:
Смағұл Акерке «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау» тақырыбы бойынша мазмұнды ақпарат ұсынып, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету тетіктерін түсіндірді.
Маханова Бахит «Академиялық адалдық қағидаттары» жөнінде маңызды түсініктемелер беріп, студенттер мен педагогтер үшін адалдық пен жауапкершіліктің мәнін айқындады.
Іс-шара колледж студенттері мен педагогикалық ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты күшейтіп, академиялық адалдықты берік ұстанудың маңызын көрсетті.
https://sch.edugov.kz/kz/61653122/1322-9-zhelto-san-khaly-araly-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-k-res-k-ni.html#sigFreeId0b6ba7d3ab







