Бiз туралы
2026–2027 оқу жылына оқушылар қабылдайтын педагогтер
Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ 2026–2027 оқу жылында есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныптарына оқушылар қабылдайды.
Білікті, тәжірибелі ұстаздарымыз әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге дайын.
Уканова Галия Сайлауовна
Орыс тілінде білім беретін 1-сыныпқа қабылдайтын мұғалім
Лауазымы: педагог-модератор.
Еңбек өтілі: 25 жыл.
Жетістіктері:
Ақтөбе облысының білім басқармасының Алғыс хаты.
Мектеп директорының мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаты.
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық педагогикалық олимпиаданың жүлдегері.
Тұрмантаева Жанар Бергалиевна
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі.
Біліктілік санаты: педагог-модератор.
Еңбек өтілі: 15 жыл.
Разакова Сара Темірбаевна
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі.
Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші.
Еңбек өтілі: 31 жыл.
Марапаттары мен жетістіктері:
2023 жыл – Саратов облысында өткен XII халықаралық «Родник знаний» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хат.
2023 жыл – Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы.
2023 жыл – «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының II дәрежелі дипломы.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының III дәрежелі дипломы.
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Грамотасы.
2024 жыл – Саратов облысында өткен XIII халықаралық «Родник знаний» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хат.
Әлжанова Айтолқын Қожабайқызы
1-сынып жетекшісі
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі.
Біліктілік санаты: педагог-модератор.
Еңбек өтілі: 22 жыл.
Нургалиева Саркыт Есмаганбетовна
Мектепалды даярлық сыныбына қабылдайтын мұғалім
Біліктілік санаты: педагог-сарапшы.
Еңбек өтілі: 35 жыл.
Жетістіктері:
Мұғалімдер арасында өткен облыстық олимпиадада II орын.
«Мен – эрудит» республикалық олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хат.
Ақтөбе облысының білім басқармасының Алғыс хаты.
Біздің мақсатымыз – әр баланың қабілетін ашу, білімге деген қызығушылығын арттыру, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру және сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау.
Тәжірибелі ұстаздарымыз балаларды білім әлеміне жетелеп, олардың жарқын болашағына жол ашады!
Шебер ұстазға алғыс
2026 жылғы 30 қаңтар күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының кәсіби шеберлік конкурстарының қорытындысына сай марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шарада Республикалық «Abilympics-2025» чемпионаты жеңімпаздарының жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Г.С.Исмагилова “Шаштараз өнері” құзыреттілігі бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
https://sch.edugov.kz/kz/6588.html?start=7#sigFreeId230fddc052
Қолөнер үйірмесі Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінде қосымша білім беру бағыты бойынша күннің екінші жартысында қолөнер үйірмесі жүргізіледі. Жетекшісі М. Махова. Тоқу немесе құрастыру барысында оқушы: Нұсқаулықты түсініп орындауға, Алгоритмдік ойлауға, Кезең-кезеңмен әрекет етуге үйренеді. Бұл әрекеттер: Зейіннің тұрақтылығын, Есте сақтау қабілетін, Логикалық ойлауды дамытады. Сонымен қатар, өрнек құру кезінде математикалық ұғымдар (сан, қатар, симметрия, геометриялық пішіндер) бекітіледі.2. Қол моторикасының дамуы Тоқу кезінде саусақтардың дәл, үйлесімді қимылы қажет. Бұл:Ұсақ моториканы дамытады, Қол бұлшықеттерін жаттықтырады, Жазу қабілетінің жақсаруына әсер етеді, Нейрондық байланыстардың белсенді қалыптасуына ықпал етеді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, ұсақ моториканың дамуы баланың сөйлеу және ойлау қабілетіне тікелей әсер етеді.
Шаңғы спортына баулу
Оқушылар дене шынықтыру сабағында шаңғы тебумен айналысады.
Сабақ барысында пән мұғалімі М.Оңайбаев шаңғы тебу техникасын үйретіп, қауіпсіздік ережелеріне басты назар аударады.
Таза ауадағы спорт оқушылардың төзімділігін арттырып, спортқа деген қызығушылығын дамытады.
https://sch.edugov.kz/kz/6588.html?start=7#sigFreeId5a7cf13944
2024-2025 оқу жылында көру қабілеті бұзылған балаларды 1-класқа қабылдайтын мұғалім - ДОСТАНОВА ГҮЛНҰР ЕРТАЙҚЫЗЫ
Педагог - модератор
Еңбек өтілі: 17 жыл
Жетістіктері:
- «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорынынан Алғыс хат
- «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаты
- Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хаты
- «Родник знаний» ХІІ Халықаралық пәндік интернет – олимпиадасына жеңімпаздар дайындағаны үшін Алғыс хат

Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ 2024-2025 оқу жылында 1 сыныпқа қабылдаушы мұғалім - КАСЕНОВА ЖАННА НУРДАУЛЕТОВНА- бастауыш сынып мұғалімі
Біліктілік санаты: педагог-сарапшы
Еңбек өтілі: 32 жыл
Жетістіктері:
- “Асыл ұстаз” төсбелгісінің иегері 2019 ж.
- Алғыс хат бастауыш класс мұғалімдері арасында өткен олимпиадада белсенділік танытқаны үшін 2019 ж.
- Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы 2020 жыл.
- Республикалық пәндік олимпиадасына атсалысып,жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін алғыс хат 2020 ж
- І дәрежелі диплом “Бастауыш сыныптар” пәндері бойынша Республикалық олимпиада 2021 ж.
- Ақтөбе облысының білім басқармасының алғыс хаты 2022 ж.
- II дәрежелі диплом бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық олимпиадасы 2022 ж.
- “Жыл үздігі” төсбелгісінің иегері
- І дәрежелі диплом педагогтарға арналған “Бастауыш сынып мұғалімі” Республикалық олимпиадасы

Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ 2024-2025 оқу жылында есту қабілеті бұзылған балаларды мектепалды даярлық тобына қабылдайтын мұғалім - ТОГУЗОВА ЖАНГУЛЬ КАЙДАРОВНА – бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі:19 жыл
Жетістіктері:
- Арнайы ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған облыстық олимпиадан Сертификат
- Республикалық олимпиаданың 2-орын жеңімпазы “Құзыретті педагог” 2019 ж
- Халықаралық конкурс жеңімпазы “Ғажайып көктем” 2021ж
- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған “Жыл мезгілдірі” атты ІV Республикалық байқауының жеңімпазы.2021ж
- Республикалық олимпиада жеңімпазы “Жапалақ”2021

«Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені» КММ 2024-2025 оқу жылындағы мектепалды даярлық тобына қабылдаушы мұғалімі РАЗАКОВА САРА ТЕМИРБАЕВНА- бастауыш сынып мұғалімі.
Біліктілік санаты: Педагог-зерттеуші.
Еңбек өтілі 27 жыл.
- Жетістіктері: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау хаты,2023ж
- Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2023ж
- «Халықаралық педагогикалық шығ,армашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық Қорынан Алғыс хат, 2020ж
- ІІІ дәрежелі диплом,бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиада, 2021ж
- І дәрежелі диплом, VІ жалықаралық педагогикалық олимпиада, 2023ж
- Грамота, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада,2022ж
- Блогадарственное письмо,ХІІ Межрегиональная предметная интернет- олимпиада, 2023г
- ІІ дәрежелі диплом,бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиада, 2020ж
- І дәрежелі диплом,бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиада, 2020ж

«Ұлттық сезім» жобасы
Елімізде “Ұлттық сезім”жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты: Ұлттық мәдениетті насихаттай отырып, халықты ұлттық бірегейлікті жандандыруға өз үлесін қосу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.
Мәдени байлық пен дәстүрге аса назар аудара отырып, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жалпыұлттық жобаны гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері қолдайды.
Голбол секциясы
Голбол - көру қабілеті бұзылған жандарға арналған спорт түрі. Оқушылар күнделікті жаттығу барысында доптың дыбысының шығу бағытын анықтап тосқауыл жасап жаттығуы қажет. Жаттығу барысында оқушыларлың бойында шыдамдылық, шапшаңдық қабілеттері шыңдалады. Зейіндері қалыптасады. Жаттықтырушысы К. Унгарбаев.
Мектеп-интернат-колледждегі ,, Біздің әлем’’ театр үйірмесінің дайындық жұмыстары.
Көркемдік жетекші Утурмакова Н.А. ,,Домбыра үні’’ үйірмесінде оқушыларға сандық ноталар арқылы домбыра үйретуде.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Постанавление | ![]() |
| 2 | Қайта аталатын білім беру саласындағы заңды тұлғалардың тізбесі | ![]() |
https://sch.edugov.kz/kz/6588.html?start=7#sigFreeIdb9ec15c635






















