Ақтөбе өнеркәсіптік технология колледжі мен “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп -интернат- колледж” кешені” КММ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Мақсаты:
Мамандықтар бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасау, тәжірибе алмасуды дамыту, өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ еңбек нарығы талаптарына сай білікті мамандар даярлау.








