«Заң талабы - заман талабы» тақырыбында студенттер арасында Адалдық сағаты өтті.
Іс - шараның мақсаты жастар арасында адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болды.
Студенттер белсенділік танытып, қоғамдағы әділдік пен заңның рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Осындай тәрбиелік маңызы зор кездесулер жастардың бойында азаматтық ұстанымды қалыптастыруға жол ашады.