2022 жылдың 21 қазан күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес педагогтар Сансызбаев А.Б, Унгарбаев К. жоғары класс оқушылары мен колледж студенттерінің бос уақытын тиімді пайдалану, жас ұрпақты саналы, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, ой - өрісі жоғары тұлға болуға жетелеу мақсатында дойбыдан сайыс өткізді.
Ойынның мақсаты: қарсыластарының тастарын толық жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дойбы ойынының әр түрлілігі және бір қарағанда оңай көрінетіні белгілі. Бірақ, бұл бәсекелестік өзін - өзі басқаруда, логикада, сондай - ақ ойыншының қимылдарын есептей білуде ептілікті, шапшаңдықты қажет етеді.
Ойын үлкен қызығушылықпен тартысты өтті. Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды. Тартысқа толы сайыста Жылкыбаев Улан І орын, Батиев Әлихан ІІ орын, Ерсеріков Ерасыл ІІІ орынды иеленді.
https://sch.edugov.kz/kz/adal-rpa/438-adal-rpa-m-gilik-el-bolasha-y.html#sigFreeIdd767bebf59







