2024 жылдың 10 қыркүйек күні көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш буын бірлестігінің оқушыларына «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Баланың бойына адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, адалдық қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақ барысында «Адалдық - ардың ісі» атты аудио жазба оқушыларға тыңдауға ұсынылып, оқиғаның мән - мағынасын талқыланды. Оқушыларға әр түрлі жағдаяттағы оқиғалық сұрақтар қойылып, пікір алмасу орын алды. Балалардың адал болуға деген ықыласы арта түсті