Біздің жетістіктеріміз
Жақсылық жасап жарысайық!
Жыл сайын Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Жақсылық жасауға жарысайық» атты шаш қиюға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Аталған шараға Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінің 201 “Ш” тобының студенттері – Әбіжанов Рақымжан, Кальницкий Даниил, Мажитова Айшабибі – белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, игі іске үлес қосты.
Өндірістік оқыту шебері: Г. Исмагилова
Жақсылық жасап жарысайық!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeIdde5092ac37
Кәсіптік тәжірибе
“Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 202 “АТ” тобының студенттері “Сылқым” ательесінде кәсіптік тәжірибеден өтуде.
Өндірістік оқыту шебері С. Жуманбетованың жетекшілігімен студенттер өз болашақ мамандықтарына қажетті кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеріп жатыр. Тәжірибе барысында олар киімді модельдеу, өлшем алу, пішу, тігу және дайын бұйымды сәндік әрлеу жұмыстарын атқарып, өндірістік ортада жұмыс істеу қабілеттерін арттыруда.
Студенттер ательеде нақты тапсырыстармен жұмыс жасап, тұтынушылардың талаптарына сай киім дайындауды, заманауи технологияларды қолдануды және сапа стандарттарын сақтауды үйренуде. Бұл – олардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға үлкен мүмкіндік.
Кәсіптік тәжірибе студенттердің еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, шығармашылық ойлауын, кәсіби шеберлігін дамытуға септігін тигізеді. Тәжірибе соңында студенттер атқарған жұмыстары бойынша бағаланып, болашақ тігінші-дизайнер мамандары ретінде жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeId081094c825
Болашақ тігіншілер тәжірибеден өтті
“Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 102 “АТ” тобының студенттері “Сылқым” ательесінде кәсіптік тәжірибеден өтті.
Өндірістік оқыту шебері Г. Сағынаеваның жетекшілігімен студенттер өз мамандықтарына қатысты маңызды практикалық дағдыларды меңгерді. Тәжірибе барысында олар киім үлгілерін сызу, матаны дұрыс таңдау, пішу, тігу және дайын бұйымды сәндік өңдеу жұмыстарын орындап, кәсіби шеберліктерін шыңдады.
Сондай-ақ студенттер өндірістік процестің әр кезеңіне тікелей араласып, тапсырыспен жұмыс істеу, тұтынушының талабын ескере отырып, сапалы әрі сәнді киім дайындау жолдарын үйренді.
Мұндай өндірістік практика студенттерге тек кәсіби машық қана емес, сонымен қатар еңбек мәдениеті мен ұжымда үйлесімді жұмыс істеудің маңызын түсінуге жол ашты.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeId33bec07273
Кәсіптік тәжірибеден өтті
Маусым айында “Шаштараз өнері “ мамандығының студенттері “Ai-Ven” салонында (Өндірістік оқыту шебері Г.Исмагилова), “Арнайы тігінші” 203 - тобының студенттері “АйШоРа” ательесінде (Өндірістік оқыту шебері Г.Умарова) кәсіптік тәжірибеден өтті.
Кәсіптік тәжірибе барысында студенттер өз мамандықтарының қыр-сырын терең меңгеріп, өндірістік ортада жұмыс жасау дағдыларын жетілдірді. Тәжірибе кезінде шаштараздар шаш қию, бояу, сәндеу сияқты қызмет түрлерін орындап, клиенттермен қарым - қатынас жасауды үйренді. Ал тігінші мамандығының студенттері киім үлгілерін дайындау, пішу, тігу және әрлеу жұмыстарын орындау арқылы кәсіби шеберліктерін арттырды.
Өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, еңбек тәртібі мен ұжымда жұмыс істеу мәдениетін меңгерді. Тәжірибе соңында студенттер өз жұмыстарын ұсынып, оң бағаларын алды.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeId7bf6bec820
WorldSkills Aktobe‑2025
2025 жылғы мамыр айында Ақтөбе облысында өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты — WorldSkills Aktobe – 2025 сәтті өткізілді. Шараға 21 жасқа дейінгі 300-ден астам колледж студенттері мен жас маман қатысты, барлығы 46 құзыреттілік бойынша өнерлерін көрсетті.
Бағалау жұмыстарын өңірдегі жетекші кәсіпорындар мен көрші облыстардан шақырылған тәуелсіз сарапшылар орындады.
Аталған байқауға “шаштараз өнері” құзыреттілігі бойынша 2-курс студенті Мырзабаева Қарақат қатысып, ер және әйел адам шашын қию, ер адамның шашын химиялық бұйралау, шашты сәндеп үлгілеу модульдері бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетуімен көзге түсті. Сарапшылардың оң бағасына ие болып, ең үздік жас қатысушылар қатарына енді.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeId87f4551b42
Шаштараз өнері және сәндік косметика
Шаштараз өнері және сәндік косметика - бұл өте шығармашыл және сұранысқа ие мамандық. Осы қиын да қызықты мамандықты игеруге талпынып жүрген жастарымыздың қиялында шек жоқ, шығармашылығы шексіз.
Колледжіміздің студенттері түрлі техниканы меңгеруге талпынып қана қоймай, айналадағы сұлулықты сезе біледі және әсемдікке жандары құмар.
“Шаштараз өнері” мамандығы бойынша білім алушы 201 топ студенттерінің өндірістік оқу сәтіндегі жұмыстарын ұсынамыз.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeId2689efb8b3
Белдемше тігу барысы
"Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша білім алушы 102-топ студенттерінің өндірістік оқыту пәнінен белдемше бұйымын тігу барысын ұсынамыз. Өндірістік оқыту шебері Г.Б. Сағынаева.
👗 Студенттер сабақта тек тігін өнерін үйреніп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік алуда. Әрбір студенттің талпынысын ерекше бағалаймыз!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeIda1b0512a79
«Мамандықтар әлемі» тәрбие сағаты
2025 жылғы 14 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы «Мектеп - интернат - колледж» кешені КММ - де Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттерімен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс - шараның мақсаты - студенттерге мамандықтардың әртүрлілігі туралы түсінік беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандық таңдауға саналы түрде қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында студенттерге түрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда сұранысқа ие техникалық, медициналық, педагогикалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Интерактивті әдістер қолданылып, мамандықтар бойынша ситуациялық тапсырмалар, кәсіби бағдарға бағытталған сұрақ - жауаптар ұйымдастырылды.
Студенттер өз армандаған мамандықтары жайлы айтып, мамандық таңдаудағы басты ұстанымдары мен қызығушылықтарын ортаға салды.
“Шеберлік пен дағды: Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел
“Жұмысшы мамандықтары” жылы аясында “Шеберлік пен дағды: Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
❇️Бұл іс - шараға шаштараз өнері мамандығын оқып бітірген түлектеріміз қатысып, қазіргі таңда өздері шебер болып жасап жатқан тәжірибелерімен бөлісті. 💫Жаңбырбай Арсен – қазіргі таңда «ЖасStar» салонында, Алтай Тоқтар - ЖК “Айгуль Абдуалиева” шаштараз салонында еңбек етуде.
⚜️Олар өз жұмыстары, осы мамандықтың артықшылықтары мен болашағы туралы ой бөлісіп, шаштараз өнеріне деген қызығушылықтарын, кәсіби білім алудағы қиындықтарды, қазіргі таңдағы трендтер мен жаңа технологиялар туралы сөз етті. Сонымен қатар, шеберлік пен дағдының маңыздылығын, осы мамандықты таңдаған жастарға кеңестерін де жеткізді. Бұл дөңгелек үстелдің қатысушылары өз тәжірибелері мен кәсіби дағдыларын бөлісіп, болашақ шаштараз мамандарына жақсы кеңестер мен бағыт - бағдар берді.
📝Мұндай кездесулер жастардың жұмысшы мамандықтарды таңдауына үлкен әсер етіп, оларға мамандықтар туралы нақты түсінік береді. Өткізгендер: Б.Дуйсеналина,А.Смағұл.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeId8cd07f70a8
Шеберлік сағаты
2025 ж. 4 сәуірінде “жұмысшы мамандықтар жылына” орай, колледжімізде сән әлеміне қадам басқысы келетін, өзін-өзі жаңаша қырынан көрсеткісі келетін студенттерге арналған ерекше шеберлік сағаты өтті. «Жаңа шаш бояу техникалары: классикадан креативке дейін» атты іс-шара студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Шеберлік сағатында тәжірибелі мамандар омбрэ, балаяж, airtouch сияқты заманауи әрі трендтегі бояу әдістерімен қатар, классикалық тәсілдердің ерекшеліктерін де таныстырды. Сонымен қатар, әртүрлі шаш құрылымына, бет әлпетіне және стильге сай бояу техникасын дұрыс таңдаудың сырлары ашылды.Студенттер өз шеберліктерін көрсете білді.
#Сән – бұл тек сырт келбет емес, бұл – өзіңді көрсетудің бір жолы!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeIdbbcfc245b5
Колледж түлегімен кездесу
Шебер шаштараз Жаңбырбай АРСЕННЕН тәжірибе сабақ!
3.04. 2025ж “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ түлегі Жаңбырбай Арсен жоғарғы буын оқушыларымен өткен кездесуде кәсіби шаштараздың сырлары мен жұмыс әлеміндегі шынайы таңдаулар туралы әңгімеледі.
Колледжден не үйрендік?
Кәсіптік дағдыларды қалай жетілдіруге болады;
Қазіргі заманғы трендтерді үйрену тақырыптарында пікір алмасты.
Біздің колледждің түлегі Арсеннің тәжірибесі мен жастарға берген кеңестері барлығы үшін пайдалы болды.
Өз ісіңді сүю - жетістіктің кілті! Қазіргі таңда “Жасстар” шаштаразында қызмет етіп жүрген Арсенге толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=49#sigFreeIdf0f15a69b4
“Ең жақсы шаш үлгісін және киім эскизін жасау” тақырыбында тәрбие сағаты
01.04 2025 ж колледж студенттері арасында жұмысшы мамандықтар жылына орай “Ең жақсы шаш үлгісін және киім эскизін жасау” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
шаш үлгісін жасау және киім эскизін әзірлеу дағдыларын дамыту;
оқушыларды сәнді шаш үлгілері мен киім дизайнын жасауға үйрету, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
жастарға сән мен стильді дұрыс түсіндіру;
шаш үлгісін және киім эскизін жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, сән мен стиль жайлы түсінік беру;
сән әлеміне қатысты ақпараттармен таныстырып, дұрыс таңдау жасауға бағыттау.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың сән әлеміндегі іскерлік қабілеттерін дамыта отырып, олардың сыртқы келбетіне және ішкі сенімділігіне оң әсерін тигізді.











