Біздің жетістіктеріміз
Студенттер қайырымдылық шарасын өткізді
Қоғамда қайырымдылық шараларының маңызы әрдайым зор. Осындай игі бастамалардың бірі – студенттердің ұйымдастыруымен өткен ерекше акция. Бұл жолы жастар шаш қию және сәндеу арқылы “№7 арнайы (түзету) мектебі” КММ оқушыларына қолдау көрсетуді мақсат етті.
Аталған шараға оқу орнының белсенді 201 “Ш” тобының студенттері арнайы пән мұғалімі Г.Исмагилованың жетекшілігімен шаш қию, сәндеу, түрлі үлгі жасау сияқты қызметтерін ұсынып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId3e449fe67f
“Менің ата-анамның мамандықтары“
Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары бойынша “Менің ата-анамның мамандықтар әлемі» тақырыбында жоғары сынып және колледж студенттері арасында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың еңбек әлеміне деген қызығушылықтарын ояту және мамандық таңдауда саналы таңдау жасауға бағыт беру.
Мамандық, кәсіп, лауазым ұғымдарының айырмашылығын түсіндіру, ата - ана еңбегін құрметтеуге, кез келген мамандық иесіне қүрметпен қарауға тәрбиелеу.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeIdfde7c9a4c3
Шығармашылық көрме
2026 жылдың 25 ақпан күні колледж студенттері мен топ жетекшілері Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Көркем еңбек және дизайн кафедрасының оқытушыларымен бірге «ART Turan» халықаралық көрмесін тамашалады.
Аталған көрме шығармашылық тәжірибе алмасуға, заманауи өнер мен дизайн бағыттарындағы жаңа үрдістерді таныстыруға бағытталған маңызды мәдени шара болды. Шараға Үндістан және Өзбекстан елдерінен танымал суретшілер мен дизайнерлер арнайы қонақ ретінде келіп, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Көрме аясында Өзбекстандағы Камолиддин Бехзод атындағы Ұлттық дизайн институты-ның аға оқытушысы Хакимов Ботир Баходировичтің қатысуымен мазмұнды шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сағатында қонақ маман дизайндағы композициялық шешімдер, ұлттық нақыштағы көркемдік тәсілдер мен заманауи графикалық әдістер туралы тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Қ. Жұбанов атындағы университет студенттері де өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып, шетелдік мамандармен пікір алмасты. Студенттердің көркемдік ізденістері мен жаңашыл идеялары көрме қонақтарының жоғары бағасына ие болды.
«ART Turan» халықаралық көрмесі білім алушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, шығармашылық көкжиегін кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.
Осындай тағылымды шаралар болашақ мамандардың тәжірибе жинақтап, өнер мен дизайн саласында жаңа белестерді бағындыруына жол ашады.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId4b071ddf75
Танымдық экскурсия
Кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес 2026 жылдың 17 ақпанында 2-курс студенттері топ жетекшілері С. Жуманбетова және Г. Исмагиловамен бірге Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің көркем еңбек және дизайн кафедрасына экскурсияға барды.
Максаты:
Оқушыларды көркем еңбек және дизайн мамандықтарының ерекшеліктерімен таныстыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыт беру және болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу.
Сонымен қатар, кафедраның оқу үдерісімен, материалдық-техникалық базасымен және студенттердің жұмыстарымен таныстыру арқылы қызығушылықтарын арттыру.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId52ed6078ce
Ынтымақтастық туралы меморандум
2026 жылдың 17 ақпанында «Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ әкімшілігі Ақтөбе қаласындағы «ЖасStar» салонымен өзара тиімді әріптестік орнату мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – білім беру, кәсіби дамыту және шығармашылық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы екі тараптың әлеуетін арттыру.
Ынтымақтастық аясында:
бірлескен іс-шаралар, семинарлар және шеберлік сағаттарын ұйымдастыру;
тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу;
жас мамандарға қолдау көрсету бағыттары қарастырылған.
Тараптар өзара сенім, ашықтық және серіктестік қағидаттарына сүйене отырып, ұзақ мерзімді әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті.
Бұл меморандум екіжақты байланысты нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId297172246b
“IT саласындағы мамандықтар”
29.01.2026 күні қазіргі технологияларға қызығушылықты арттыру негізінде “IT саласындағы мамандықтар” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – білім алушыларды ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі мамандық түрлерімен таныстыру, IT мамандықтарының қазіргі қоғамдағы маңызын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығын арттыру.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeIda947baa86c
«Қарапайым жұмысшыларды құттықтау» челленджі
«Қарапайым жұмысшыларды құттықтау» челленджі "Жұмысшы мамандықтар" жылына орай ұйымдастырылған «Қарапайым жұмысшыларды құттықтау» челленджі аясында студенттер мектеп-интернат-колледжде күнделікті тынымсыз еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
«Мамандығымның сырлары»
«Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында студенттер мен жоғары сынып оқушылары өз мамандығының қыр - сырымен жақын танысу мақсатында өндірістік саяхатқа шықты.
Бұл тәжірибе болашақ мамандарға еңбек мәдениетін, жауапкершілікті және адал еңбектің құндылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Адал еңбек - жарқын болашақ кепілі!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId99a736fd65
Жақсылық жасап жарысайық!
2025 ж. 8 қазанында Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп гимназиясымен бірлесіп «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінің 201 топ студенттері Әбіжанов Рақымжан, Кальницкий Даниил, Мажитова Айшабиби,Телегенов Руслан осы акцияға өз үлестерін қосып, шаштараздық қызмет көрсетті.
Арнайы пән мұғалімі: Г. Исмагилова
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId562c8204b7
Жақсылық жасап жарысайық!
Жыл сайын Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Жақсылық жасауға жарысайық» атты шаш қиюға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Аталған шараға Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінің 201 “Ш” тобының студенттері – Әбіжанов Рақымжан, Кальницкий Даниил, Мажитова Айшабибі – белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, игі іске үлес қосты.
Өндірістік оқыту шебері: Г. Исмагилова
Жақсылық жасап жарысайық!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeIdd0ab0178f1
Кәсіптік тәжірибе
“Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 202 “АТ” тобының студенттері “Сылқым” ательесінде кәсіптік тәжірибеден өтуде.
Өндірістік оқыту шебері С. Жуманбетованың жетекшілігімен студенттер өз болашақ мамандықтарына қажетті кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеріп жатыр. Тәжірибе барысында олар киімді модельдеу, өлшем алу, пішу, тігу және дайын бұйымды сәндік әрлеу жұмыстарын атқарып, өндірістік ортада жұмыс істеу қабілеттерін арттыруда.
Студенттер ательеде нақты тапсырыстармен жұмыс жасап, тұтынушылардың талаптарына сай киім дайындауды, заманауи технологияларды қолдануды және сапа стандарттарын сақтауды үйренуде. Бұл – олардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға үлкен мүмкіндік.
Кәсіптік тәжірибе студенттердің еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, шығармашылық ойлауын, кәсіби шеберлігін дамытуға септігін тигізеді. Тәжірибе соңында студенттер атқарған жұмыстары бойынша бағаланып, болашақ тігінші-дизайнер мамандары ретінде жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId6ddb82a4b9
Болашақ тігіншілер тәжірибеден өтті
“Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 102 “АТ” тобының студенттері “Сылқым” ательесінде кәсіптік тәжірибеден өтті.
Өндірістік оқыту шебері Г. Сағынаеваның жетекшілігімен студенттер өз мамандықтарына қатысты маңызды практикалық дағдыларды меңгерді. Тәжірибе барысында олар киім үлгілерін сызу, матаны дұрыс таңдау, пішу, тігу және дайын бұйымды сәндік өңдеу жұмыстарын орындап, кәсіби шеберліктерін шыңдады.
Сондай-ақ студенттер өндірістік процестің әр кезеңіне тікелей араласып, тапсырыспен жұмыс істеу, тұтынушының талабын ескере отырып, сапалы әрі сәнді киім дайындау жолдарын үйренді.
Мұндай өндірістік практика студенттерге тек кәсіби машық қана емес, сонымен қатар еңбек мәдениеті мен ұжымда үйлесімді жұмыс істеудің маңызын түсінуге жол ашты.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId9fb90f1d98
Кәсіптік тәжірибеден өтті
Маусым айында “Шаштараз өнері “ мамандығының студенттері “Ai-Ven” салонында (Өндірістік оқыту шебері Г.Исмагилова), “Арнайы тігінші” 203 - тобының студенттері “АйШоРа” ательесінде (Өндірістік оқыту шебері Г.Умарова) кәсіптік тәжірибеден өтті.
Кәсіптік тәжірибе барысында студенттер өз мамандықтарының қыр-сырын терең меңгеріп, өндірістік ортада жұмыс жасау дағдыларын жетілдірді. Тәжірибе кезінде шаштараздар шаш қию, бояу, сәндеу сияқты қызмет түрлерін орындап, клиенттермен қарым - қатынас жасауды үйренді. Ал тігінші мамандығының студенттері киім үлгілерін дайындау, пішу, тігу және әрлеу жұмыстарын орындау арқылы кәсіби шеберліктерін арттырды.
Өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, еңбек тәртібі мен ұжымда жұмыс істеу мәдениетін меңгерді. Тәжірибе соңында студенттер өз жұмыстарын ұсынып, оң бағаларын алды.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId88ce00780e
WorldSkills Aktobe‑2025
2025 жылғы мамыр айында Ақтөбе облысында өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты — WorldSkills Aktobe – 2025 сәтті өткізілді. Шараға 21 жасқа дейінгі 300-ден астам колледж студенттері мен жас маман қатысты, барлығы 46 құзыреттілік бойынша өнерлерін көрсетті.
Бағалау жұмыстарын өңірдегі жетекші кәсіпорындар мен көрші облыстардан шақырылған тәуелсіз сарапшылар орындады.
Аталған байқауға “шаштараз өнері” құзыреттілігі бойынша 2-курс студенті Мырзабаева Қарақат қатысып, ер және әйел адам шашын қию, ер адамның шашын химиялық бұйралау, шашты сәндеп үлгілеу модульдері бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетуімен көзге түсті. Сарапшылардың оң бағасына ие болып, ең үздік жас қатысушылар қатарына енді.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId82ed3d5785
Шаштараз өнері және сәндік косметика
Шаштараз өнері және сәндік косметика - бұл өте шығармашыл және сұранысқа ие мамандық. Осы қиын да қызықты мамандықты игеруге талпынып жүрген жастарымыздың қиялында шек жоқ, шығармашылығы шексіз.
Колледжіміздің студенттері түрлі техниканы меңгеруге талпынып қана қоймай, айналадағы сұлулықты сезе біледі және әсемдікке жандары құмар.
“Шаштараз өнері” мамандығы бойынша білім алушы 201 топ студенттерінің өндірістік оқу сәтіндегі жұмыстарын ұсынамыз.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId3c3b99e4a1
Белдемше тігу барысы
"Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша білім алушы 102-топ студенттерінің өндірістік оқыту пәнінен белдемше бұйымын тігу барысын ұсынамыз. Өндірістік оқыту шебері Г.Б. Сағынаева.
👗 Студенттер сабақта тек тігін өнерін үйреніп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік алуда. Әрбір студенттің талпынысын ерекше бағалаймыз!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeIddd8c0863d0
«Мамандықтар әлемі» тәрбие сағаты
2025 жылғы 14 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы «Мектеп - интернат - колледж» кешені КММ - де Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттерімен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс - шараның мақсаты - студенттерге мамандықтардың әртүрлілігі туралы түсінік беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандық таңдауға саналы түрде қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында студенттерге түрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда сұранысқа ие техникалық, медициналық, педагогикалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Интерактивті әдістер қолданылып, мамандықтар бойынша ситуациялық тапсырмалар, кәсіби бағдарға бағытталған сұрақ - жауаптар ұйымдастырылды.
Студенттер өз армандаған мамандықтары жайлы айтып, мамандық таңдаудағы басты ұстанымдары мен қызығушылықтарын ортаға салды.
“Шеберлік пен дағды: Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел
“Жұмысшы мамандықтары” жылы аясында “Шеберлік пен дағды: Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
❇️Бұл іс - шараға шаштараз өнері мамандығын оқып бітірген түлектеріміз қатысып, қазіргі таңда өздері шебер болып жасап жатқан тәжірибелерімен бөлісті. 💫Жаңбырбай Арсен – қазіргі таңда «ЖасStar» салонында, Алтай Тоқтар - ЖК “Айгуль Абдуалиева” шаштараз салонында еңбек етуде.
⚜️Олар өз жұмыстары, осы мамандықтың артықшылықтары мен болашағы туралы ой бөлісіп, шаштараз өнеріне деген қызығушылықтарын, кәсіби білім алудағы қиындықтарды, қазіргі таңдағы трендтер мен жаңа технологиялар туралы сөз етті. Сонымен қатар, шеберлік пен дағдының маңыздылығын, осы мамандықты таңдаған жастарға кеңестерін де жеткізді. Бұл дөңгелек үстелдің қатысушылары өз тәжірибелері мен кәсіби дағдыларын бөлісіп, болашақ шаштараз мамандарына жақсы кеңестер мен бағыт - бағдар берді.
📝Мұндай кездесулер жастардың жұмысшы мамандықтарды таңдауына үлкен әсер етіп, оларға мамандықтар туралы нақты түсінік береді. Өткізгендер: Б.Дуйсеналина,А.Смағұл.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId18660927bb
Шеберлік сағаты
2025 ж. 4 сәуірінде “жұмысшы мамандықтар жылына” орай, колледжімізде сән әлеміне қадам басқысы келетін, өзін-өзі жаңаша қырынан көрсеткісі келетін студенттерге арналған ерекше шеберлік сағаты өтті. «Жаңа шаш бояу техникалары: классикадан креативке дейін» атты іс-шара студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Шеберлік сағатында тәжірибелі мамандар омбрэ, балаяж, airtouch сияқты заманауи әрі трендтегі бояу әдістерімен қатар, классикалық тәсілдердің ерекшеліктерін де таныстырды. Сонымен қатар, әртүрлі шаш құрылымына, бет әлпетіне және стильге сай бояу техникасын дұрыс таңдаудың сырлары ашылды.Студенттер өз шеберліктерін көрсете білді.
#Сән – бұл тек сырт келбет емес, бұл – өзіңді көрсетудің бір жолы!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeId4c7228ebb4
Колледж түлегімен кездесу
Шебер шаштараз Жаңбырбай АРСЕННЕН тәжірибе сабақ!
3.04. 2025ж “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ түлегі Жаңбырбай Арсен жоғарғы буын оқушыларымен өткен кездесуде кәсіби шаштараздың сырлары мен жұмыс әлеміндегі шынайы таңдаулар туралы әңгімеледі.
Колледжден не үйрендік?
Кәсіптік дағдыларды қалай жетілдіруге болады;
Қазіргі заманғы трендтерді үйрену тақырыптарында пікір алмасты.
Біздің колледждің түлегі Арсеннің тәжірибесі мен жастарға берген кеңестері барлығы үшін пайдалы болды.
Өз ісіңді сүю - жетістіктің кілті! Қазіргі таңда “Жасстар” шаштаразында қызмет етіп жүрген Арсенге толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz.html?start=56#sigFreeIdeb66b6e10e
“Ең жақсы шаш үлгісін және киім эскизін жасау” тақырыбында тәрбие сағаты
01.04 2025 ж колледж студенттері арасында жұмысшы мамандықтар жылына орай “Ең жақсы шаш үлгісін және киім эскизін жасау” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
шаш үлгісін жасау және киім эскизін әзірлеу дағдыларын дамыту;
оқушыларды сәнді шаш үлгілері мен киім дизайнын жасауға үйрету, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
жастарға сән мен стильді дұрыс түсіндіру;
шаш үлгісін және киім эскизін жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, сән мен стиль жайлы түсінік беру;
сән әлеміне қатысты ақпараттармен таныстырып, дұрыс таңдау жасауға бағыттау.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың сән әлеміндегі іскерлік қабілеттерін дамыта отырып, олардың сыртқы келбетіне және ішкі сенімділігіне оң әсерін тигізді.















