2025 жылдың 24 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберлікті дәріптейтін республикалық байқаудың өңірлік кезеңі өтті. 
Бұл дода - біліктілік пен шеберліктің, тәжірибе мен шығармашылық ізденістің шынайы сынға түсер алаңы болды. Қатысушылар өз құзыреттіліктері бойынша үздік болуға талпынып, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін, кәсіби деңгейін жоғары деңгейде дәлелдей білді.
Аталған байқауға “Шаштараз” құзыреттілігі бойынша қатысып, ерекше кәсіби шеберлігімен көзге түскен колледждің өндірістік оқыту шебері Исмагилова Ггулбаршын Салықбайқызы байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. 
Ал “Киімді үлгілеу” құзыреттілігі бойынша өзінің талғамы мен шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткен Жуманбетова Самал Есенғосқызы жүлделі 2 - орынды иеленіп, өзінің бәсекеге қабілетті маман екенін тағы бір дәлелдеді.
Жеңімпаз ұстаздарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!