2025 жылғы 27 мамырда Ақтөбе қаласындағы №1 балалар музыка мектебінде ХХ «Жұлдызай» балалар шығармашылығы республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өнер саласындағы қарым қабілеттерін дамыту және үнемі қолдау көрсету.

Биылғы байқауға 93 бала қатысып, 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңде мектебіміздің оқушыларынан құралған “Аяулым” би тобы топ жарып, жүлделі 1 орын иегері атанды.

Би тобының жетекшісі Н.У.Наурызбаева.