Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені оқушыларынан құралған “Аяла” тобы Қырғызстан елі Ыстықкөл мекенінде 23-28 маусым аралығында өткен “ZHULDYS ART KAZAKHSTAN” атты халықаралық фестиваль-байқауға қатысып, вокал жанры бойынша ым-ишара тілінде Бас жүлдеге ие болды.
Фестиваль-байқауға жан-жақтағы елден 500-дей өнерлі балалар қатысты.
Байқаудағы комиссия мүшелері осы мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеті мен өнерге деген сүйіспеншіліктеріне тәнті болды. Балалар сахнада қол қимылымен әсем ән орындағанда залдағы отырған қатысушылар зор қошеметпен қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар балалар Ыстықкөлде суға шомылып, Қырғызстанның әдемі жерлеріне саяхатқа шықты. Осы байқаудан өнерлі балалар жақсы әсер алып, демалып қайтты.
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz/1190-khaly-araly-festival-baj-au-zhe-impazdary.html#sigFreeId8b72c6b04c







