“Abilympics Aqtobe-2025” аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатында “Шаштараз өнері” құзыреттілігі бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін 2-курс студенті МАЖИТОВА АЙШАБИБІ дипломмен марапатталды және “Abilympics Kazakhstan-2025” республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алды.

Тапсырмалар:

1-модуль: Ер адамның шашын қию және бұйралау;

2-модуль: Әйел адамның шаш үлгісін сәндеу.

Жетекшісі Гүлбаршын Салықбаевна Алғыс хатпен марапатталды.

Аталған шеберлік сайысында “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін 2-курс студенті БОЛАТ АЙСҰЛТАН дипломмен марапатталды.

🌟🌟🌟 Айсұлтан чемпионат аясындағы 1-модульдік тапсырма бойынша — балалар пижамасын тігу жұмысын табысты орындады.

Болат Айсұлтанның жетекшісі Гүлзат Бөріқызы білім алушыны кәсіби дайындыққа жоғары деңгейде баулығаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!