2025 жылғы 8 қазан күні Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы, Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы аясында өткен мерекелік шарада Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ бастауыш кәсіподағы ұйымының төрағасы С.А.ТАЛАСҚАЛИЕВА Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен марапатталды.

Кәсіподақ — еңбек адамының тірегі.

Осындай маңызды құрылымның бастауыш ұйымын табысты басқарып, үлкен еңбек пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүрген Сая Алпысқызын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жұмысына толағай табыстар, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!