2025 жылдың 21 қараша күні Алматы технология және флористика колледжінің Инклюзивті білім беру ресурстық орталығының алаңында «DEAF MADE – 2025» ІІІ Республикалық инклюзивті фестивалі өтті.
Ел өңірлерінен жиналған жеті колледждің өнерлі жастары бір сахнаға бірігіп, "Біздің бренд" бейнеролигі арқылы өзін-өзі таныстыру, "Овация" би өнері, "Эсктрабилити" -ым ишарамен ән айту және "Заманауи этно-стиль" сән театры номинациялары бойынша өз таланттары мен мүмкіндіктерінің шекарасын кеңейтіп, көрерменге шабыт сыйлады.
Ақтөбе облысының абыройын асқақтатқан "Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені» КММ командасы айрықша дайындығымен, жан жылуын сыйлаған өнерімен қазылар алқасының жоғары бағасын алып, ІІ орынға лайық деп танылды.
Сондай-ақ, "Дәстүрлі би" номинациясы бойынша Ж.Жалғастың жетекшілігімен өнер көрсеткен хореография тобы және "Ұрпақ дауысы" номинациясы бойынша Б.Маханованың жетекшілігімен ым-ишара тілінде ән орындаушылар тобы ерекше өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарымыз бен жетекшілері Н.А.УТУРМАКОВА, Б.А.МАХАНОВА, Ж.ЖАЛҒАС, А.Ж.УРАЗОВАНЫ құттықтаймыз!
Алар асуларыңыз биік болсын!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz/1300-inklyuzivti-festival.html#sigFreeIdbd4fd9ffef







